"Екі адам көз жұмды". Түркияда полиция қызметкері әріптестеріне оқ жаудырды

1641
Adyrna.kz Telegram
Фото: life.ru
Фото: life.ru

Түркияда полицей өз әріптесіне оқ жаудырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолыға сілтеп.

Оқиға Адыяман-Алтыншехир полиция бөлімінде болған.

Полиция бөлімшесінде кезекшілік атқарған ер адам белгісіз себептермен өзге қызметкерге тапаншадан оқ жаудырған.

Елдің Ішкі істер министрі Әли Ерликая полицейлердің шабуыл салдарынан ауыр жарақат алып, екі полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болғанын мәлім етті.

"Аталған факті бойынша сот және әкімшілік тергеу басталды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Пікірлер