Петропавлда жер үйді бұзып жатқан ер адам қабырға құлаған қабырға астында қалып қаза тапты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға 23 сәуір күні түс ауа болған. Ер адам бұзылып жатқан үйдің жанында тұрғанында оның үстіне қабырға құлаған.
«23 сәуір күні сағат 15:00-де Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды қабырға басып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, ол оқиға орнында қайтыс болды», - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиеваның айтуынша, бұл дерек «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілген.