Ресейде "Мәңгілік полк" шеруі көшеде өткізілмейтін болды

1477
Adyrna.kz Telegram

Биыл Ресейде қоғамдық қауіпке байланысты “Мәңгілік полк” шеруі көшеде өткізілмейтін болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Interfax-қа сілтеп.

Бұл туралы штабтың төрағасы Елена Цунаева мәлімдеді.

“Орталық штаб «қоғам қауіпсіздігіне қауіп төнгендіктен» 2024 жылы шеруді жеке өткізбеу туралы шешім қабылдады”, - делінген баспасөз мәслихатында.

Цунаеваның сөзінше биылғы жылы еске алу шаралары 1 мамырда басталады.

Одан бөлек, қоғамдық көліктерде «Мәңгілік полк» акциясын өткізу ұсынылып, оның аясында автокөліктерге Ұлы Отан соғысы батырларының портреттерін орналастыру ұсынылып отыр.

“Естелік галереясы” ретінде қоғамдық орындарда, саябақтарда, алаңдарда Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының, орден иегерлерінің портреттерін орналастыруды ұсынамыз”, - деп қосты Цунаева.

Өз кезегінде РФ Білім министрі Сергей Кравцов акцияның оқу орындарында да өтетінін айтты.

Пікірлер