Дрон шабуылынан бес адам қаза тапты

160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xgtFXLeW8ssHoW9WQFqK6J6Uysk5pcaFZz2KESpL.webp

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған шабуылдан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тағы үшеуі жарақат алған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, шабуылға Түркиядан Ростов-на-Донуға астық тиеуге бағыт алған «Натра» және «Циркон» жүк кемелері ұшыраған. Оқиға Таганрог маңында 5 маусымға қараған түні болған.

Әзербайжан СІМ мәліметінше, кемелерде елдің 25 азаматы болған. Ресей тарапының ақпаратына сәйкес, шабуыл нәтижесінде бес адам көз жұмып, үш адам жараланған. Зардап шеккендер Ресейдің Ейск қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

Ведомство қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен, дипломатиялық өкілдіктермен және тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Ресейдегі Әзербайжан елшілігінің қызметкерлері оқиға орнына аттанған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жағдайы, олардың елге қайтарылуы мен консулдық қолдау көрсету мәселелері ерекше бақылауға алынған.

Пікірлер