Алматыда мопед жүргізушісі екі әйелді қағып кетті

1789
Adyrna.kz Telegram

Алматыда мопед жүргізушісі екі әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы полициясы жол апатының 17 сәуір күні сағат 11:50-де Алмалы ауданында болғанын хабарлады.

«2002 жылы туған мопед жүргізушісі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, алдын ала белгіленбеген жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан 52 және 57 жастағы екі әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасын Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр», - деді полициядан.

Естеріңізге сала кетейік, парламент мопедтерді кейіннен тіркеуден өткізу туралы жаңа заң жобасын қарастырып жатыр.

Пікірлер