Ақтөбе қаласында "Тойота Хайлюкс" маркалы автокөлігінің жүргізушісі ГМЗ айналма тас жолы бойымен Заречный елді мекеніне қарай келе жатқан "ВАЗ-2107" маркалы автокөлігімен соқтығысып, бір адам көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 18 маусымда 19:20 сағат шамасында болған. Оқиғаның салдарынан "ВАЗ-2107" маркалы автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
"Адырна" ұлттық порталы.
Ұқсас жаңалықтар
«Велосипедші машинама әдейі келіп соғылды». Динара Егеубаеваның сөзін желі қолданушылары жоққа шығарды
