Тасқын қатері. Түрмедегі 700-ге жуық адам эвакуацияланды

1838
Adyrna.kz Telegram

Оралдағы су тасқынының өршуіне байланысты қаладағы №27 түзету мекемесіндегі сотталғандар Қазақстанның бірқатар өңірлеріне эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Azattyq Ruhy-на сілтеп.

Бұл ақпаратты Қылмыстық Атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Жайық өзеніндегі су деңгейінің артуына және №27 мекемесін су басу қауіпіне байланысты, жеті жүзге жуық сотталған адам Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Олар Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы аймақтағы жағдай бойынша дабыл қаққан.

Пікірлер