Тасқын қатері. Түрмедегі 700-ге жуық адам эвакуацияланды

3184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_1765.jpeg
Оралдағы су тасқынының өршуіне байланысты қаладағы №27 түзету мекемесіндегі сотталғандар Қазақстанның бірқатар өңірлеріне эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Azattyq Ruhy-на сілтеп. Бұл ақпаратты Қылмыстық Атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі растады. «Жайық өзеніндегі су деңгейінің артуына және №27 мекемесін су басу қауіпіне байланысты, жеті жүзге жуық сотталған адам Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Олар Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы аймақтағы жағдай бойынша дабыл қаққан.
Comments