Оралдағы су тасқынының өршуіне байланысты қаладағы №27 түзету мекемесіндегі сотталғандар Қазақстанның бірқатар өңірлеріне эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Azattyq Ruhy-на сілтеп.
Бұл ақпаратты Қылмыстық Атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Жайық өзеніндегі су деңгейінің артуына және №27 мекемесін су басу қауіпіне байланысты, жеті жүзге жуық сотталған адам Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Олар Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, БҚО әкімінің баспасөз хатшысы аймақтағы жағдай бойынша дабыл қаққан.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз