Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен баласының денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
6 сәуірде резеңке қорғаныш костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткен әкелі-балалы үйіне қайта оралмаған.
Құтқарушылар бүгін 1976 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан болатын.
Алайда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 14 сәуір күні түскі сағат 13.40-та 6 сәуір күні жоғалып кеткен тағы бір ер адамның денесі табылды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі ол таңертең сағат 9 шамасында табылған ер адамның ұлы екенін растап отыр.
Әкесінің денесі табылғаннан соң, артынша 24 жастағы ұлының мүрдесін анықтаған.