Ақмола облысында су басқан ауылдар жарық пен сусыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг-қа сілтеп.
Үшқарасу ауылының тұрғындары екі аптаға жуық уақыт бойы жарық пен сусыз отырғанын айтты.
«Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауылы. Біз қазірдің өзінде көмек сұрап жатырмыз. 13-ші күн жарықсыз, сусыз, зейнетақысыз отырамыз. Бізге ешкім ештеңе жібермейді, тіпті бізді ешкім естімейді!» – деді ауыл тұрғындары бейнеүндеуінде.Тұрғындар қазірдің өзінде азық-түлік таусылғанын айтады. Жергілікті атқарушы органдар Үшқарасу тұрғындары бірінші кезектегі қажетті заттармен және өнімдермен қамтамасыз етілген деп сендіреді.
«Есіл өзені су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты, сондай-ақ еріген судың әсерінен мұздар электр тіректерін ұшырып әкетті, сондықтан 3 сәуірден бері электр қуаты жоқ. Елді мекеннің географиялық орналасуына байланысты барлық кіреберістерді су басып, техника мен көліктердің өтуіне кедергі келтіуде», - дейді шенеуніктер.Сол себепті энергетиктер тіректерге жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды, дегенмен шенеуніктер ауылға апаратын жол ашылып, аймақтардағы су деңгейі төмендей салысымен бригадалар электр қуатын қалпына келтіруге кірісетінін айтады.
Ұқсас жаңалықтар
"Қажымұқандай қазақтың рухын танытқан тұлғаның еңбегін лайықты бағаласақ, Джеки Чан тағы бірдеңе-сірдеңе деп жүрмейді жастар"...