Ауыл тұрғындары 13 күн бойы жарық пен сусыз отырғанын айтып, дабыл қақты

1980
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-14-at-10.37.17-960x500.jpeg?token=cfbaf41cefecf5e2ba26c2ba8b63760c
Ақмола облысында су басқан ауылдар жарық пен сусыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазТаг-қа сілтеп. Үшқарасу ауылының тұрғындары екі аптаға жуық уақыт бойы жарық пен сусыз отырғанын айтты.
«Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауылы. Біз қазірдің өзінде көмек сұрап жатырмыз. 13-ші күн жарықсыз, сусыз, зейнетақысыз отырамыз. Бізге ешкім ештеңе жібермейді, тіпті бізді ешкім естімейді!» – деді ауыл тұрғындары бейнеүндеуінде.
Тұрғындар қазірдің өзінде азық-түлік таусылғанын айтады. Жергілікті атқарушы органдар Үшқарасу тұрғындары бірінші кезектегі қажетті заттармен және өнімдермен қамтамасыз етілген деп сендіреді.
«Есіл өзені су деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты, сондай-ақ еріген судың әсерінен мұздар электр тіректерін ұшырып әкетті, сондықтан 3 сәуірден бері электр қуаты жоқ. Елді мекеннің географиялық орналасуына байланысты барлық кіреберістерді су басып, техника мен көліктердің өтуіне кедергі келтіуде», - дейді шенеуніктер.
Сол себепті энергетиктер тіректерге жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды, дегенмен шенеуніктер ауылға апаратын жол ашылып, аймақтардағы су деңгейі төмендей салысымен бригадалар электр қуатын қалпына келтіруге кірісетінін айтады.
Comments