Зардап шеккендерге көмек көрсетілді

921
Adyrna.kz Telegram
Фото: zhaikpress.kz
Фото: zhaikpress.kz

Саран қаласындағы тұрмыстық техника зауыты Шет ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 60 жаңа теледидар сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жалпы бұл аумақта Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Дербісалы ауылдарының отбасылары су тасқынынан зардап шекті. Қазір олардың барлығы уақытша Шет ауданы әкімдігіне орналастырылды. Тұрмыстық техника зауытының директоры Талғат Әбдірахмановтың айтуынша, көмек сұраған кезде зардап шеккен отбасыларға өндірістен жедел түрде жаңа теледидарлар бөлініп, компания есебінен тасымалдау ұйымдастырылған. Құрал-жабдықтар қазірдің өзінде Шет ауданына жеткізіліп, жақын арада отбасыларға тапсырылады.

Пікірлер