Сапар алдындағы көмек. Тоқаев Жапаровқа алғыс айтты

2337
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/img_1266.jpeg
Мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті. Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Қырғызстан президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.
Пікірлер