Лукашенко: Кім біздің соғыспайтынымызға кепілдік береді?

3293
Adyrna.kz Telegram

Беларуссия Президенті соғыс кез-келген сәтте басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БелТА атап өткендей, ол бұл туралы Устьеде өндірістік-техникалық кластерге барған кезде айтты.

"Кім біздің соғыспайтынымызға кепілдік береді? Сіз де, мен де ешкім кепілдік бере алмаймыз. Жалпы әлем есінен адасып барады. Соғыс кез-келген сәтте, кез-келген уақытта басталуы мүмкін, бізде болудан Құдай сақтасын, - деді ол.

Сонымен қатар, Лукашенко халықты атыс қаруымен жұмыс істеу дағдыларына үйретудің маңыздылығын еске түсірді.

"Әрине, қарулы күштерде оқығандар қарумен жұмыс істеу дағдыларына машықтанған, бірақ әскерге шақырылмағандардың саны да едәуір. Міне соларға назар аударғаныңыз жөн. Неге студенттерді және басқаларды қызықтырып, оларға мылтық қолдануды, автомат жинауды, бөлшектеуді, атуды үйретпеске? Ел басына қатер төңген уақытта майдан даласында сол дүниелерді үйреніп жатпас үшін, осы бастан әр ер азаматтың білгені жөн", деді президент.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер