Жазушы, драматург Дулат Исабеков президентке екінші мерзімге сайлауға түсуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы жазушы «Adal adam» ютуб-арнасына берген сұхбатында айтты.
"Кейде Тоқаевтың кейбір идеяларының жүзеге аспай қалатыны экс-президенттің әсері ме деп топшылап ойлаймын. Маған "Еңбек ері" атағын берген кезінде сөз сөйлеп, 30 жылдық олқылықты сіз ғана жоясыз, тағы жеті жыл билікте қалам десеңіз, халық қолдағалы тұр", - деп қолдау білдіргенін атап өтті Исабеков.
Айта кетейік, Конституция бойынша бір адам президент болып 7 жылдық бір-ақ мерзімге сайлана алады.
Сондай-ақ, жазушының сөзінше, еліміздің 30 жылда жеткен әдебиет пен мәдениеттегі жетістіктерін атап өту қиын. Шет мемлекеттермен салыстырғанда біздің елдің театрларының деңгейі биік сияқты. Бірақ танылмай жатыр. Қазақстанның өзі енді-енді танылып келе жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы