ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр БҚО-дағы су тасқыны орын алған аумақтарды көрді

4526
Adyrna.kz Telegram

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен келді. Роман Скляр БҚО әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге су тасқыны болған аумақтарды тікұшақпен аралап, жағдайды өз көзімен көрді.

Үкімет басшысының орынбасары көлемі жағынан ауқымды су тасқыны болған Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағын көрді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев тасқынның алдын алуға, халықты қауіпсіз жерге көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

Қазіргі уақытта облыстың Теректі, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында, сондай-ақ, Орал қаласында тасқынға байланысты табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланған. Су басқан аумақтар көп мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан ұлғая түскен.

Қазіргі уақытта тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылуда. 874 адам эвакуацияланды.

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ҚР ІІМ-нің мамандары қатысуда. 306 бірлік техника мен 146 мотопомпалар жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының және ТЖД әскери бөлімдерінің күштері тартылды. Қосымша ҰҚК Шекара қызметінің "МИ-8" екі тікұшағы жұмылдырылды.

Өңірде арнайы комиссия құрылып, келтірілген залал ды есептеу басталды. Р. Скляр барлық бағыттар бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.

Пікірлер