Тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасы — қолтаңбасы

6753
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібековтің туған күні. Тірі аңыз 82 жасқа толды.

Қазақстанның Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков 1942 жылы Қызылорда облысындағыЖаңақорған ауданының Екпінді ауылында теміржолшылар отбасында дүниеге келді. 1959 жылы Ташкентке оқуға түседі. 1965 жылы оқуды тәмамдап, елге оралуды көздейді. Сол жылдардағы Кеңес үкіметі жүргізген солақай саясаттың салдарынан жат елде қалуға тура келеді. Алайда, сәулетші Отанына ораларына сенді.

Сенімі алдамай, 2001 жылы Астанаға көшті.

Айта кетейік, 1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін дайындауға байқау жарияланған болатын. Осы байқауға көптеген талантты ақындар, сазгерлер, суретшілер мен сәулетшілер қатысты, олардың қатарында Ж.Мәлібеков те болған.

1992 жылғы сәуір айының соңында ол өз жобасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кеңсесіне тапсырады. Байқауға түскен 293 елтаңба нұсқаларынан Жандарбек Мәлібековтің жобасы жеңіп шықты.

Пікірлер