Қырғызстан астансы Бішкек қаласында заманауи киіз үй тәріздес стадион салынады. Қырғызстан Президенті администрациясы қалада 45 мың адам сыятын стадионның құрылысы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Арена ұлттық нақыштармен әрленіп, жаңаша үлгіде киіз үйге ұқсас болады.
Мәліметке сүйенсек, барлық талаптарға сай болатын заманауи стадионның құрылысымен шетелдік мамандар айналысып жатқан көрінеді. Стадионның іші қазіргі озық технологиялармен безендіріліп, спортшыларға керекті жабдықтармен толқытай қамтылмақ.