Алтын құймаларды аяқ киімге жасырған ер адам ұсталды

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4YlP9PQywep12GsQRzO9euX9Teu52OROa3nLa3LU.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Алтын құйманы заңсыз сатпақ болған қырғызстандық ұсталды, деп хабарлайды “Адырна”.

Тергеу деректеріне сәйкес, Қырғызстан азаматы алтын құймаларды өз елінде сатып алып, Қытайға заңсыз өткізу мақсатында оларды «Қордай Авто» өткізу пункті арқылы Қазақстанға алып кірген.

Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру үшін ол үш алтын құйманы аяқ киімінің ұлтарағының астына жасырған. Кейін «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бақылау кезінде алтын анықталып, тәркіленді.

Сот 2,8 келі болатын алты алтын құйманы сотқа дейін тәркілеу туралы шешім шығарды. Алтынның сынамасы 99 пайыздан асады, ал жалпы құны 182,3 млн теңгеге бағаланған. 

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше, тәркіленген алтын мемлекет кірісіне өткізілді. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қазір дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Пікірлер