Елтаңбаға өзгеріс қажет пе?

2944
Adyrna.kz Telegram
Фото: kmmt.kz
Фото: kmmt.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекеттік рәміздерге қатысты сын-пікірлерге тоқталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Осыған байланысты "Адырна" ұлттық порталының Telegram желісіндегі парақшасында сауалнама өіп жатыр.

Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайда жаңа Елтаңбаның жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын мәлімдеген болатын.

"Қазақтың әнұраны әлемнің әр түкпірінде шырқалып жүр. Жаңа жылды жақындарымыздың ортасында әнұранмен қарсы алу жақсы дәстүрге айналды. Бір сөзбен айтсақ, әнұранымыздың сөзі де, әуені де халықтың жүрегіне әбден орныққан. Ал Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дегенмен бұл жаңалыққа қатысты халықтың ойы екіге бөлінген. Бірі "жаңа Елтаңба қажет" десе, ендігі бірі "Одан өзге де мәселе көп" деген пікірде.

"Адырна" ұлттық порталының әлеуметтік желілерінде осы мәселеге қатысты арнайы сауалнама ұйымдастырылды.

Adyrna.kz телеграм арнасына кіріп, сіз де өз ойыңызды білдіре кетіңіз.

Пікірлер