Наразылыққа қарсы шыққандарға көзден жас ағызатын газ қолданды

2963
Adyrna.kz Telegram

Сербия астанасында екі күннен бері наразылық акциялары өтіп жатыр. Қала тұрғындары Белградтың карантин тәртібін күшейту, комендант сағатын енгізу туралы шешіміне қарсы.

8 шілдеде кешке полиция парламент ғимаратының алдына жиналғандарға қарсы тағы да көзден жас ағызатын газ қолданды.

Наразылық акциясы Сербияның тағы бір ірі қаласы – Нови-Садта басталды. Онда наразы топ жергілікті телеарна кеңсесін басып алуға талпынған. Полиция оған жол бермеді, содан кейін көпшілік қала мэрінің ғимаратына қарай жылжыды. Кейбір адам әкімшілік ғимаратқа тас лақтырған.

Сербия полициясының басшысы Владимир Ребичтің хабарлауынша, Белградта наразылық акциясы болған алғашқы күні жиырма шақты тұрғын мен 40-тан астам полиция қызметкері зардап шеккен. Полицияның бес автокөлігі өртенді.

Сербия президенті Александр Вучич полиция таратпынан заңға қайшы әрекет жасалғаны дәлелденсе, билік шара қолданатынын ескерткен. Бұған қоса Вучич халықты наразылық акцияларына шықпауға шақырып, мұндай әрекет коронавирус эпидемиясын одан сайын қоздыратынын айтты. Эпидемия басталғалы бері Сербияда 17 076 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 340 науқас қайтыс болған.

Сentralasia.org

Пікірлер