Халық әртісі Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Әнші Мақпал Жүнісованың телефоны бұзылып, атынан фейк ақпараттар тараған.
Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Мұны кімге айтуға болады? Соттасып жүретін уақыт та жоқ, концертке дайындық керек. Осыдан сіздерді тауып алсам!, – деп үндеу жасады әнші.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский ресейлік танымал актерлерге, әншілерге, шоумендер мен спортшыларға қарсы жаңа санкция салды
Телефоныма хабарласып, "Президенттің Қаңтар оқиғасынан зардап шегушілерге арналған көмегін алуға мұқтажсыз ба?-"деді. Бұл не өзі, осындай бола ма?
