Қырғызстан премьер-министрі шұғыл түрде Алматыдан Бішкекке ұшып кетті

1909
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров елде болған төтенше жағдайға байланысты шұғыл түрде Алматыдан Бішкекке ұшып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Қазақстанға Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін келген еді. Алайда Бішкектегі жылу электр орталығында болған апатқа байланысты сапарын үзуге мәжбүр болды.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, апаттан 5 адам зардап шеккен. Қазір олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше жағдай салдарынан Бішкектегі мектептер мен балабақшалар онлайн оқытуға көшті.

Айта кетейік, 1 ақпанда Ақылбек Жапаров Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездесіп, стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Пікірлер