Әлеуметтік желіде 8 жасар қызды әйелдікке алған Йемендік 40 жастағы ер азамат жайлы ақпарат тарады. Дереккөздерге сүйенсек оқиға 2013 жылы болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2013 жылдың қыркүйегінде Йеменнің солтүстік-батысында 40 жастағы еркек Раван есімді 8 жасар қызды әйелдікке алып, кейін алғашқы неке түнінде бүлдіршін қатты қан кетуден қаза тапқан. Аталмыш жайт 10 жылдан астам уақыттан соң желіде қайта тарап, резонанс тудырды.
Ливан газеті Бұл Сауд Арабиясымен шектесетін Йеменнің солтүстік-батыс бөлігіндегі Хард провинциясында болғанын жазды. Бұл Таяу Шығыс аймағындағы мәжбүрлі неке мәселесі әлемдік жұртшылықтың назарын аударады.
БҰҰ Халық Қорының мәліметтері бойынша 2011 және 2020 жылдар аралығында 140 миллионнан астам қыз бала кезінде осындай оқиғаларға душар болады. Сонымен қатар, осы 140 миллионнан астам қыздың 50 миллионы 15 жасқа да толмаған.
Йемендегі қыздардың 25% - дан астамы 15 жасқа толмай жатып мәжбүрлі түрде үйленеді. Олар қалыпты медициналық көмекке, білімге қол жеткізе алмайды, сонымен қатар некеде тұрған балалар физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.
Йемен БҰҰ-ның 2022 жылғы гендерлік теңсіздік индексіне (Gender Inequality Index) сәйкес, Ауғанстан, Нигерия және Жаңа Гвинеядағы Папуадан төмен деңгейде (144 елдің 144-і), бұл елде 2014 жылдан бері азаматтық соғыс жүруде. Йемен 2023 жылғы жаһандық бейбітшілік рейтингінде (Global Peace Index) қауіпсіздік деңгейі бойынша 163-ші орында. Мемлекет араб елдерінің ішіндегі ең кедейлерінің бірі болып табылады, жергілікті тұрғындардың шамамен 76% - ы гуманитарлық көмекке мұқтаж.