Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысында 26 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыстың топтың соңғы мүшесі қолға түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«1999 жылы банданың 4 мүшесін полиция қызметкерлері ұстады, біреуі көз жұмды. Кейіннен сот үкімімен ұсталған төртеудің екеуі өлім жазасына, екеуі ұзақ уақытқа бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал 26 жыл бойы полициядан бой тасалап жүрген қылмыстық топтың соңғы мүшесі 27 қаңтарда Көкшетауда қолға түсті. Ол өзінің тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгертіп алған. Тіпті, бет-бейнесін де өзгерткен. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар