Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

750
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі жариялады,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Новосибирскте Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсіп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол қамауда. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқаны айтылды.

Пікірлер