Түркістан облысындағы білім беру саласында 2 миллиард теңгеге жуық соманың ұрлануына қатысты іс тергелуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Түркістан облысы бойынша ҚМА департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және әкімдіктің атсалысуымен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 млрд теңге және Бәйдібек аудандық білім басқармасымен 600 млн көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген бейсенбідегі хабарламада.
ҚМА мәліметінше, бүгінде бұл екі облыста мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден асады.
“2020-2023 жылдар аралығында «1С: Бухгалтерия» есеп бағдарламасында жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің карточкалық шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) орнына олармен үлестес тұлғалардың ЖСН енгізген айыпталушылар анықталды”, - делінген ҚМА хабарламасында.
Айта кетерлігі, жауапкерлер 120 млн теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берген.
“Адырна” ұлттық порталы