Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалдарды ұстау операциясын жүргізді

1664
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде, діни радикалдар ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Хабарланғандай, 20 және 24 қаңтарда ҰҚК прокуратура мен полицияның көмегімен Астана, Шымкент қалалары мен Ақтөбе облысында діни радикалдардың іс-әрекетінің жолын кесу шараларын жүргізді.

«Жедел уәкілдер терроризмді насихаттады және қаржыландыруға қатысы бар деген күдікпен үш тұлғаны ұстады және қамауға алды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі және 258-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада. дейді.

Қазіргі уақытта аталған істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер