ҰҚК қызметі Назарбаевты қорғамауы мүмкін

1968
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілеттіктерін кеңейтіп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты қорғау міндетінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ҰҚК «Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу» өкілеттігін «Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу» деген сөзбен ауыстыруды көздеп отыр.

Өткен жылы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" 2023 жылғы 13 ақпандағы ҚР Конституциялық Заңы "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" 2000 жылғы 28 шілдедегі ҚР Конституциялық заңы күшін жойған болатын. 

Одан бөлек ҰҚК өз өкілеттігін кеңейтуді көздеп отыр:

  • мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпараттық жүйелердi қауiпсiз жобада құру, пайдалану, әзiрлеу, техникалық қызмет көрсету, интеграциялау, жұмысын тоқтату, қорғауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және басқа да деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді, растауды және жоюды;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін арнайы тексеруден өткізу.

 

Пікірлер