Германияның бірнеше қаласында "Германияға балама" партиясына қарсы жаппай наразылық болып өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі dzen.ru-ға сілтеп.
Берлин, Потсдам, Кельн қаласында құрамында нео-нацистердің болуына байланысты жаппай наразылық ұйымдастырылды. Бұл акция өте ауқымды болды.
– Гамбургте өткен демонстрацияда жұрттың көп жиналғаны соншалық, ұйымдастырушылар қауіпсіздік үшін оны мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды, – дейді жергілікті құқық қорғау органдары.
Welt басылымының ақпаратынша, 144 мыңнан астам адам неміс қалаларының көшелеріне наразылық акцияларына шыққан. 35 мың адам Ганноверде және Франкфуртте, 20 мың Карлсруэде, 16 мың Галледе, 12 мың Кассельде, 10 мың Ульмде, 5 мың Кобленцте, 5 мың Фрайбургте, 6 мың Эрфуртта наразылық білдірген.
Германиядағы бұл наразылық ультраоңшылдар мен нео-нацистердің "Германияға балама" (ADH) жоғары дәрежелі мүшелерімен құпия кездесуінен кейін басталған. Олар АдГ-ның оңшыл партиясына тыйым салуды көздегені айтылуда.