Арыс қаласында газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, оқыс оқиға Қазыбек би көшесіндегі наубайхана мен техникалық қызмет көрсету орталығы орналасқан ғимаратта болған.
Салдарынан 50 литр газ балоны жарылып, екі адамның денесін күйік шалған. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды. 1998 жылы туған ер адамның жағдайы ауыр.
«Ғимараттың жалпы көлемі 285 шаршы метр, соның шінде жанғаны - 200 шаршы метр. Көмекке 3 өрт сөндіру көлігі шақыртылды. Өрт 14:51 толығымен сөндірілді»,—деп түсіндірді Арыс қаласындағы №7 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Бекмырза Өсербек.