Фото: ТЖМ
Астананың Байқоңыр ауданында өрт сөндірушілер дәмханадан үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды “Адырна”.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, 14 қарашада Алаш тасжолы бойындағы базар аумағында өрт шыққан. Отқа дәмхана ретінде жабдықталған 40 тонналық контейнер оранған. Өрт салдарынан жиһаз бен тұрмыстық техника жанған. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өртті сөндіру барысында мамандар ғимарат ішінен үш газ баллонын жедел түрде сыртқа шығарған. Осылайша баллондардың қызып, жарылу қаупінің алды алынған.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
