Астанадағы дәмхана жарылысы. Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

851
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы «Плов Центр» дәмханасында газ баллоны жарылғаннан кейін зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп.

«Ақыртас көшесіндегі газ баллонының жарылуы салдарынан кафенің 6 қызметкері (ерлер) зардап шекті. Оларды жедел жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіп, арнайы мамандар тексерді», - деп жауап берді елордалық денсаулық сақтау басқармасы.

Төртеуі N1 көпсалалы қалалық аурухананың политравматология, эндопротездеу және комбустиология орталығына жатқызылды. Екі зардап шегуші 3 және 5 пайыздық термиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды. Оларға ұсыныстар беріліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, өрт шыққан дәмханадан құтқарушылар төрт газ баллонын шығарған болатын. Қазіргі уақытта үйінділермен жұмыс жүріп жатыр.

Пікірлер