76 жастағы актер және саясаткер Арнольд Шварцнеггер Мюнхен әуежайында кедендік тексеруден өтіп жатқан кезде ұсталды. Сол жерден ол Австрияның Китцбюхель қаласында өтетін Дүниежүзілік климаттық саммитке баруды жоспарлаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Немістің BILD интернет-басылымының хабарлауынша, кездейсоқ тексеру кезінде Шварцнеггерде аукционда шамамен 20 мың еуроға сатпақ болған швейцариялық Audemars Piguet компаниясының сәнді сағаты бар екені анықталды.
«Біз Арнольд Шварцнеггерді салық төлеуден жалтарғаны үшін тергеп жатырмыз. Ол сағатты декларациялауы керек еді, себебі ол импорт болатын», - деді Мюнхен кеденінің өкілі Томас Мейстер.
Белгілі болғандай, Шварцнеггер кеденде үш сағаттан соң босатылған. Сонымен қатар, актер сағаты үшін 26 000 еуро, салық ретінде 4 000 еуро және айыппұл ретінде 5 000 еуро төлеуге мәжбүр болды. Соманың жартысын қолма-қол төлеуді талап еткен.