Алматы облысының Казцик ауылында полиция синтетикалық есірткі өндіретін ірі нарколабораторияны таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Есірткі өндірісін ұйымдастырушылар Алматыдан келген жас ерлі-зайыптылар. Олар есірткі өндіру үшін арнайы бау-бақша серіктестігінен үй сатып алып, оған зертханамен жабдықталған бөлме қосқан.
Зертхана тыйым салынған заттарды синтездеуге толық дайындалған: химиялық реакцияларға арналған агрегаттар, алынған препараттарды кептіруге арналған өнеркәсіптік сорғыш және қабырғалары жылу оқшаулағыш материалдармен қапталған.
"Отбасылық жұптың қылмыстық әрекеттерінің дәлелдемелері ретінде полицейлермен екі зертханалық реактор, 100 кг синтезделген есірткілік ұнтақ тәріздес зат және есірткіні өндіруге арналған 800 литрден астам прекурсор тәркіленді. Осылайша бұл жағдайда қазақстандық қалалардың көшелеріне бағасы 7 млрд теңге болатын, қатты әсер ететін синтетикалық есірткінің 550 мыңға жуық дозасы жіберілмеді. Топ құрамында аса ірі көлемде есірткі өндіргені үшін ұсталғандарға мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап ІІМ бастамасымен синтетикалық есірткі өндіру үшін пайдаланылатын құралдар мен жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгені атап өтілді. Бұл қылмыс үшін 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
”Адырна” ұлттық порталы