Алматы әуежайы қызметкерлеріне қатысты есірткі ісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеме жасай отырып.
"ҰҚК Алматы әуежайының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1 және 3-тармақтары (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Айта кетейік, ҰҚК осы іске қатысты Алматы халықаралық әуежайы әкімшілік департаменті басшысының орынбасары, түрік топ-менеджері Уфук Серттің ұсталғаны туралы ақпаратты растамады.
Ал 28 желтоқсанда Алматы әуежайының екі түрік топ-менеджері - коммерция жөніндегі аға вице-президент Йеткин Четин Пакер және бірінші вице-президент Фатих Өмур қызметтерін күтпеген жерден тастап кеткенін хабарлаған болатын. Кейін Алматы әуежайы бұл ақпаратты растады.
”Адырна” ұлттық порталы