Спорт саласында еліміздің спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, өз бағасы көтерді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Еуро-2024 іріктеу ойындарында сәтті өнер көрсеткен ұлттық құраманың футболшылары өз бағасын өзгертуге мүмкіндік алған.
Президенттің қолын алған «Зенит» құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің бағасы 2 миллион еуродан 3 миллион еуроға көтерілген. Ұлттық құраманың бірнеше маусымдағы ең қымбат ойыншысы болған Бахтиёр Зайнутдинов маусымды 5 миллион еуромен бастап, 6 миллион еуромен аяқтады.
Бағасы бойынша үздік 11 қазақстандық ойыншылар тізімі де белгілі болған. Олар:
Қазір Түркияның Бешикташ құрамасында ойнайтын Бахтиёр Зайнутдинов Еуро-2024 іріктеу кезеңінің басында 5 миллион еуро, ал іріктеу соңында – 6 миллион еуро алады.
Ал Нұралы Әліп – 1,2 млн еуро – 3 млн еуро бағаланған.
Александр Зуев – 1 млн еуро – 900 мың еуро алса, "Ақтөбе" командасының спортшысы Максим Самородов – 450 мың еуро – 900 мың еуро теңгеге бағаланған.
Ал Ордабасылық Асхат Тағыберген – 750 мың еуро – 900 мың еуро; Абат Айымбетов (Астана) – 800 мың еуро; шымкенттік футбол командасының футболшысы Темірлан Ерланов – 600 мың еуро – 700 мың еуро алады. Сергей Малый (Ордабасы) – 750 мың еуро – 600 мың еуро; Әлібек Қасым (Ақтөбе) – 550 мың еуро – 600 мың еуроға бағаланған.
Марат Быстров (Ахмат, Ресей) – 1 миллион еуро – 700 мың еуро; Игорь Шацкий («Шахтер») – 600 мың еуро (өзгеріссіз).