“Қызметінен бірінші босатар едім”. Футболшы бас бапкердің жұмысына сын айтты

1407
Adyrna.kz Telegram

Ұлан Қонысбаев Станислав Черчесовқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаев құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты.

“Егер менде мүмкіндік болса, Черчесовты қызметінен бірінші болып босатар едім! Құраманың қазіргі ойынын көріп, бәрі түсінікті болады,” – деді Қонысбаев біздің тілшімізге берген сұхбатында.

УЕФА Ұлттар лигасының осы күзде өткен алты матчында Қазақстан құрамасы Черчесовтың жетекшілігімен бес рет жеңіліп, тек бір кездесуде тең ойнады. Сонымен қатар, бұл кезеңде Норвегия, Австрия және Словения құрамаларына қарсы ойнаған қазақстандық футболшылар бірде-бір гол соға алмады.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы ойынында Норвегия құрамасынан 5:0 есебімен жеңіліп қалған еді.

Пікірлер