Ұлттық құрама мергендері тағы да жүлделі болды

2119
Adyrna.kz Telegram

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасының спортшылары нысана көздеуден Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы 4 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеп отырып.

Винтовкамен 50 метрден жатып оқ атуда спортшы Арина Алтухова 626,8 ұпай жинап, чемпион атанды. Ал Александра Ле 618,4 ұпаймен үшінші орынға ие болды.

Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Елизавета Безрукова 617,2 ұпайды еншілеп, төртінші сатыдан көрінді.

Нәтижесінде командалық сында Қазақстан алтын жүлдені жеңіп алды. Ал тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Никита Чирюкин 568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Қазір жалпы есепте Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен төртінші орында келе жатыр. Құрлық чемпионаты 18 қаңтар күні аяқталады.

Пікірлер