Заң мен тәртіп қана үстемдік құруға тиіс

2082
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында еліміздің барлық саласына жан-жақты тоқталды. Мемлекеттің барометрі – онда өмір сүріп жатқан халық десек, демек, халықтың әл-ауқаты жақсы болуы шарт. Президент сұхбатында түйткілді әлеуметтік мәселелердің түйінін кеңінен тарқатқан. Мәселен, әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелердің біртіндеп шешіле бастағанын атап өтті.

«Ауылдарда денсаулық сақтау нысандарысалынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осалтоптағы азаматтарға кешенді түрде қолдау көрсетуүшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбекжағдайында жұмыс істейтін азаматтар үшін арнайытөлемақы енгізілді. Табиғатты қорғауға жауаптымекемелердің қызметкерлеріне олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерге қатыстыүстемеақы төленетін болды. Медицина қызметкерлерінің, мектепте, колледжде жәнебалабақшада жұмыс істейтін педагогтердіңжалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржыберу мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгіэкономикалық көрсеткіштерді, оның ішіндеинфляция деңгейін ескере отырып ең төменгіжалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды», – деді Президент.

Және бұл жұмыстың бәрі биыл да жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ, алға қойған мақсатқа жету үшін тиянақты, әрі жоспарлы әрекет жасап, үздіксіз алға ұмтыла беретінімізді де тілге тиек етті.

Президент сұхбатында Қаңтар оқиғасына да тоқталыпты. Сәл шегініс жасайын. Бәрімізге мәлім, азаматтардың билікке өзін толғандыратын мәселе туралы ашық айтуға толықтай мүмкіндігі бар. Себебі, Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қоғамның пікірімен санасып отыруды үнемі талап етіп келеді. Дегенмен, көзқарасымды білдірудің жөні осы екен деп, жаппай көшеге шығып кету құпталмаса керек-ті. Елімізде бейбіт жиналыстарды реттейтін демократиялық сипаттағы заң бар. Енді жуырдапетицияларды тапсыру және қарау тәртібін реттейтін заң қабылданбақ.

Мемлекет басшысы қасіретті Қаңтар оқиғасына жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, жалпы тоқыраудың билік пен қоғамды аздырып-тоздыруы себеп болғанын жасырған жоқ.

«Бір нәрсені анық білуге тиіспіз. Бейбіт шеруге тыйым салынбайды, ал жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қойылады. Елімізде заң мен тәртіп қана үстемдік құруға тиіс. Бұл – мен үшін мызғымас қағида. Демократияның бесігі саналатын батыс елдеріне қараңыздар, ешкім де көшеде жаппай тәртіпсіздік жасаған, мемлекеттік органдарға шабуылдаған адамның маңдайынан сипап, өбектеп отырмайды.

Полиция жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды, яғни биліктің заңды талаптарына қарсы шығуға үндеген, қару-жарақ әкеліп таратқан, жағдайды ушықтырып, адамдарды күш қолдануға, маңайдағының бәрін қиратуға, өртеп-талқандауға азғырған адамдарды анықтап, әшкереледі. Ал тәртіпсіздікке кездейсоқ қатысқан, білместікпен арандап қалған адамдардың бұзақыларға қатысы жоқ. Оларға менің бастамаммен рақымшылық жасалды. Бұған дейін сотталған 1205 адамның 1095-і осы рақымшылыққа ілікті. Ал жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар мен лаңкестік әрекеті, мемлекетке сатқындығы, билікті күшпен басып алуға тырысқаны және басқа да ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар жазасын толығымен өтейтін болады», – деді Қ.Тоқаев.

Кейінгі кезде қоғамда зорлық-зомбылық пен қатыгездік белең алып бара жатқаны жасырып-жабар жайт емес. Әйелдер мен балалардың тұрмыста теперіш көріп жүрген оқиғаларынан ақпарат беттерінен хабардар болып отырмыз. Президент осындай қылмыстарды болдырмау үшін мемлекет тарапынан не істеліп жатқанын да айтты. Мемлекет басшысы әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болады деді. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілетінін қадап айтты.

«1 шілдеден бастап полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркеуге көшті. Яғни мұндай қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшырамауы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейтін болды.

Сондай-ақ Мәжілістің бір топ депутаты халыққа Жолдауымның аясында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр», – деді Қ. Тоқаев.

Президент елімізде «заң мен тәртіп» қағидатының орныға түскенін қалайтынын, сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдайтынын айтты.

«Қоғамда озбырлық пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбейтін түсінік қалыптаспаса, заңға енгізілген өзгерістерден аса қайыр болмайды. Жұрт зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатайтуды талап ете тұра, қылмыс әлеміндегі шытырман оқиғаларға таңдай қағып, фильмдердің заңды белден басатын кейіпкерлерін ғана емес, тіпті шынайы өмірдегі кәнігі қылмыскерлердің өзін пір тұтып жатады. Бұл жағдай бір-біріне мүлде кереғар және өте оғаш көрінеді. Солай емес пе?! Біз қоғамды ішінен ірітетін, адамгершілікке жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Иә, біз жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуіміз керек.

Фото: egemen.kz

Пікірлер