Алматыда Кунгурская көшесінде Оспенко көшесінен бастап Тынышбаев көшесіне дейінгі аралықта жүргіншілер серуен аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Жоба аясында кешенді жұмыстар жүргізілді. Тротуарға кеспе тас төселіп, жиектастар орнатылып, асфальт жабындысын төселіп, шағын сәулет нысандарын орнатылып, сыртқы жарықтандыру желісі тартылып, қоршау қойылды.

Сонымен қатар аумақты абаттандыру аясында жасыл желек санитарлық мақсатта кесіліп, суару жүйесі орнатылды, көгалдандыру аймақтары жоспарланып, бұталар отырғызылды.
Бүгінде бұл қоғамдық кеңістік шағынаудан тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды.
Ұқсас жаңалықтар
"Бетпақ жеңді, бейшара көнді". Алматыда қазақша емес, аралас мектеп ашқандарға ата-аналар наразылық білдірді