Қызылордалық өрт сөндірушілер екі кішкентай бала мен олардың анасын өртеніп жатқан пәтерден алып шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 12 қаңтарда болған. «Сағат 21:40-та «112» құтқару қызметіне облыс орталығы, Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Ас үйде тұрмыстық заттар жанып, соның салдарынан кіреберіс толығымен түтіндеген. Өрт сөндірушілер пәтерден 2021 және 2023 жылы туған балаларды тауып, анасымен бірге сыртқа шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өрт 21:58-де толығымен сөндірілді. Өрттің себебі – электр тоғының қысқа тұйықталуы.
«Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіруге №4 өрт сөндіру бекетінің 23 қызметкері, кезекші өрт сөндіру қызметі және арнайы қызмет техникаларын жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД.
"Адырна" ұлттық порталы