Шымкентте базар өртенді

792
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Бүгін, 9 тамыз күні Шымкент қаласындағы Тұран ауданында орналасқан базарда өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазіргі таңда өрттің оқшауланғаны айтылды. Өрттің неден шыққаны белгісіз.

«Сағат 12:30-да өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге ТЖД, ПД, ЖМКБ, ЖАО жеке құрамынан 140-қа жуық адам, 50 бірлік техника жұмылдырылды», - деп жазды ТЖМ.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, бүгін Қаратау ауданында тағы бір екі қабатты коммерциялық ғимараттың шатыры өртенді.

"Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде 200 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда", - делінген мәліметте.

Пікірлер