Құрылымдық болатты зерттеу нәтижесінде, Қазақстандағы қалыпты және сейсмикалық аумақта құрылыс нысандарын салу құны төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда алғаш рет жүргізілген болат балқымасының Еурокод 1993 талаптарына сәйкестігін зерттеу нәтижесінде,«ҚазҚСҒЗИ» АҚ ғалымдары болаттың беріктігі мен деформациялық сипаттамаларының 1993 жылғы Еурокод пен ұлттық қосымшалардың талабына сәйкес келетінін анықтады. Зерттеу барысында мамандар еліміздегі және Ресейдегі 2 зауытта өндірілген әртүрлі қалыңдықтағы құрылымдық болаттың 7 түріне талдау жасады.
Қаттылықты сынау үшін құрылымдық болаттың 216 үлгісі дайындалды. Сынақтар ҚР СТ және ЕN СТ әдістемесіне сәйкес +20, -20, -40 градус температурада жүргізілді.
Нәтижесінде, Қазақстан өндірісінің құрылымдық болаты үшін Еурокод 1993 талабы орындалады.
Жұмыстың негізгі нәтижелері отандық конструкциялық болатты пайдалана отырып, Қазақстанның қалыпты және сейсмикалық аудандарында болат конструкцияларын жобалауға мүмкіндік береді. Бұл еуропалық болаттың импортын алып тастау немесе азайту арқылы құрылыс нысандарының құнын төмендетеді деген болжам бар, - деп жазылған хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы