"Қазір такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі бар" - Ержан Біржанов

1589
Adyrna.kz Telegram

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің мәлімдеуінше, алдағы уақытта такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі тиіс, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық портал

Енді такси жүргізушілері заң аясында жұмыс істеу үшін, жеке кәсіпкер ретінде салық төлеу керек екенін атап өтті Ержан Біржанов Үкіметтің баспасөз орталығында.

"Қазір такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі бар. Заңға сәйкес, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы 1% салық төлей алады. Талап бойынша олар міндетті түрде салық органдарына келіп, тіркелуі керек немесе мобильді қосымша  арқылы онлайн (жеке кәсіпкер болып) тіркеле алады. Оларға жағдай жасалған", - деді Ержан Біржанов.

Сондай-ақ ол салық кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін атап өтті.

"Такси жүргізушісі оператор арқылы жұмыс істесе, ол салықты оператор ұстап, бюджетке аударса, біз оны (салық төлеу) міндетінен босатуды қарастырып жатырмыз. Қазір олар қызмет атқарып, қолма-қол ақша алатын болса, ондай жағдайлар бізде жиі тіркеліп жатыр. Операторлар тарапынан мұндай жүргізушілердің рейтингі төмендеп, тапсырысы азаюы мүмкін. Сондықтан олар (такси жүргізушілері) заңды жерде жұмыс істеуі керек деп ойлаймын», - деді вице-министр.

Сонымен қатар вице-министр қарапайым қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексерілмейтінін нақтылады.

«Жеке тұлғаларға мобильді аударым бойынша шектеу жоқ. Жеке тұлғалар бұрынғыдай жеке мақсатта туыстарына, ата-аналарына мобильді аударым арқылы ақша жібере алады. Оларға шектеу қойылмаған», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер