Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға тағайындалды

1702
Adyrna.kz Telegram
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Вице-премьер Серік Жұманғарин жаңа лауазымға ие болды. Ол Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасынан Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының Басқарушылар кеңесінің мүшесі болып тағайындалсын", – делінген жарлықта. 

Серік Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінен бастап вице-премьер болып тағайындалды. Оған дейін ол вице-премьердің міндетін атқарушы болды. Кейін министрлер кабинеті басшысының орынбасары, сонымен бірге сауда және интеграция министрі қызметін атқарды. Ал 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарды.

Пікірлер