Ең төменгі жалақы мөлшері өсе ме? Министр жауап берді

1544
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VPFMSX4qF4zvscrr3M2vWRG17hOkGMkfh3wmbbb8.webp

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері көтерілмейтін болды. Бұл туралы бүгін, 13 тамызда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шыны керек, бізде ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланбаған. Бүгінде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, әзірге оны өсіруді қарастырып отырған жоқпыз»,– деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев те бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, бұған дейін тек болжамды есептер ұсынылған.

«Біз ол кезде есептеп көрдік. Көрсеткіштерге қарасақ, орташа мөлшер кем дегенде 90 мың теңгенің төңірегінде болуы керек еді. Бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, оны қазіргі деңгейде қалдырып жатырмыз»,—деп толықтырды ол.

 

 

Пікірлер