Шегірткені "халал" деген вице-премьер елдегі ахуалға тоқталды

1190
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары елде шегіртке қаптағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Премьердің орынбасары Серік Жұманғарин министрлер кабинетінде өткен отырыста Қазақстанда шегірткенің қаптағанын айтты.

Серік Жұманғарин шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық оперштаб отырысында өңірлердегі ахуал туралы баяндамаларды тыңдап, жағдаймен танысқан.

ҚР үкіметінің баспасөз қызметі Түркістан облысында өңделген 260 мың гектардан басқа 50 мың гектардан астам таралу учаскелері анықталғанын жеткізді. Қосымша өңдеу Түркістан облысының Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы және Шардара аудандарында жүргізілуде.

Одан бөлек, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында шегірткелер қаптай бастаған. Вице-премьер Серік Жұманғарин елдегі шегірткенің қаптағнына байланысты таңқалысын жасырмады.

"Шегірткенің бұлай таралуы бұрын-соңды болмаған. Оның таралу қарқынын дұрыс бағаламай отырмыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекциясы комитетіне барлық рәсімдік мәселелерді дереу аяқтауды және барлық қажетті техниканы қажетті өңірлерге жіберуді тапсырамын. Штаб отырыстарына аптасына екі рет барамыз", - деп қорытындылады Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары шегірткенің халал өнім екенін айтып, оны жеуге болатынын мәлімдеген еді. 

Пікірлер