Өзбекстан Арал теңізінің орнына сексеуіл егуді жалғастырмақ

1923
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Өзбекстан авиацияның көмегімен Арал теңізінің түбіне сексеуіл егуге ниетті. Бұл туралы Podrobno.uz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, сексеуілді егу үшін төтенше жағдайдың ұшақтары пайдаланылады. ТЖМ-нің инженерлік қорғау және құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары басқармасының қызметкерлері сексеуілдің тұқымын дайындап жатыр.

Арал теңізінің түбіндегі егіс маусымы жақын арада басталады. Судың кеуіп кетуіне байланысты экологиялық апаттың салдарын азайту үшін құрғақ Аралдың түбіне орман екпелерін құру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілуде.

“Өткен жылдары ТЖМ және орман шаруашылығы агенттігінің күшімен құрғақ аймақ аумағында шөлді өсімдіктермен орасан зор орман алқаптары құрылды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, Аралды көгалдандыруға халықаралық компаниялар да қатысады. СERIELL Group Үстірт экспедициясы аясында Арал өңіріне 2000 ағаш отырғызды. Оның ішінде 250 шаған, 250 қарағай және 1500 сексеуіл бар. Ал күзде "Яшил макон" акциясы өтті, онда өзбекстандықтар Муинак ауданындағы Арал маңындағы учаскелерде 28 мың гектар жерді көгалдандырды.

Пікірлер